12 жасар оқушы депутаттың күйеуінен жүкті болған
Жамбыл облыстық сотында 12 жасар қызды зорлау және жүктілікті заңсыз тоқтату ісі қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қылмыс 2023 жылдың қараша айында Саудакент ауылында орын алған. Мектеп-интернаттың 12 жасар оқушысы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың күйеуінен зорлық көріп, жүкті болған. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, ер адам қызды кемінде үш рет зорлаған. Бұл дерек Жаңатастағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) кезінде анықталды. Кейіннен қызға заңсыз аборт жасалды, бірақ ол операция жасаған дәрігердің жүзін көрмеген.
Депутат Галина Мороз бұл оқиғадан кейін күйеуімен ажырасу ниетін жария етті.
Бұл іс бойынша алғашқы үкім алты ай бұрын шыққан. Бас айыпталушы, 55 жастағы ер адам, жыныстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, басқа да қатысушылар Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды: аса ауыр қылмыс туралы хабарламау, жүктілікті заңсыз тоқтату, қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру және оған жәрдемдесу.
Сот үкімі бойынша:
Лаура Нұрмаханова, мектеп-интернат директоры, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мектеп директорының орынбасары, психолог және медбике — кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салынып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еркебұлан Қожабеков, дәрігер-гинеколог, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Процесс жабық режимде өтті, сондықтан қосымша мәліметтер жарияланбады.
Кейінірек мектеп оқушысына заңсыз түсік жасатқан сотталған дәрігердің адвокаттары шағым түсірді. Қожабеков үкімді жеңілдетуге қол жеткізді-түрме жазасы бостандықты шектеуге ауыстырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.