2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы ауқымды жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған — ҚР ҰЭМ
251
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы қаралып, қабылданды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарламаның негізгі бағыттары туралы ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндады.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биыл 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының төмендігі проблемаларына тоқталып, Үкіметке Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, осы тапсырманы орындау мақсатында министрлік мемлекеттік органдармен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық қауымдастықпен бірлесіп, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша нақты жағдайға талдау жүргізіп, Бағдарлама жобасын әзірледі.
Ә. Қуантыровтың айтуынша, талдау нәтижелері бойынша, тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың нақты ақшалай табысының өсу қарқыны 2019 жылғы 6,4%-дан 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 3,1%-ға дейін баяулағаны айқындалды.
Оның айтуынша, жүргізілген талдауды ескере отырып, Халықтың табысын арттыру бағдарламасында мына 10 басымдық белгіленді:
Ел дамуының негізі – жұмысшы жастар;
Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастырудың жаңа мүмкіндіктері
Бюджет жұмыскерлеріне лайықты жалақы;
Еңбек кірісіндегі теңгерімсіздіктерді жою;
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру;
Туризмдегі жұмыспен қамтуды арттыру;
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жаппай жұмыспен қамту;
Өңдеу өнеркәсібінде тиімді жұмыспен қамтуды дамытуды ынталандыру;
Халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік кірістің өсуін ынталандыру;
Табыстың сатып алу қабілетін қорғау.
Бұдан кейін министр Үкіметтің бүкіл экономикалық саясатының жалпы мақсаты халық табысын арттыру болғандықтан, Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты екенін атап өтті.
Бағдарлама шеңберіндегі шараларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады.
Тікелей шаралар бюджет жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге және кірістердегі теңгерімсіздікті теңестіруге бағытталған.
Жанама шаралар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік даярлау (қайта даярлау), өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бағдарлама 80 шарадан тұрады, олар мынадай негізгі бағыттарға бөлінген:
халықтың еңбек табысының артуы;
кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру;
сатып алу қабілетін қорғау.
Бағдарламаны іске асыру лайықты еңбек пен масылдықтан бас тарту идеяларын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қатар жүретін болады.
Еңбек табысын арттыру бағыты аясында 22 шара іске асырылады.
Оның айтуынша, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғыртуды ынталандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады.
Өндірістік дағдыларды дамыту бойынша Бағдарламада «Өмір жолдамасы» кадрларды алдын ала даярлау жобасын өңірлік деңгейде іске асыру сияқты іс-шаралар көзделген.
Одан кейін министр кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру бағытында 41 шара іске асырылатынын айтты.
Жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шаралар жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобаларын, сондай-ақ осал топқа жататын жекелеген адамдарды жұмысқа орналастыру тетігін іске асыруды қамтиды.
Сонымен қатар министр бағдарлама шеңберінде табыстың сатып алу қабілетін қорғауға ерекше мән берілетінін жеткізді.
Осы бағытта мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:
ӘМАТ тізбесіне енбеген азық-түлік тауарларының өндірісін ұлғайту;
ішкі нарықтың импортын негізгі азық-түлік емес тауарлармен алмастыру бойынша шараларды іске асыру;
халықтың проблемалы қарыздарымен жұмыс істеу бойынша банктердің жеке жоспарларын қабылдау.
Ә. Қуантыровтың айтуынша, жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру 2025 жылға қарай мынадай 5 нысаналы индикаторға жоспарлы түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
ЖІӨ-дегі еңбекақының үлесі – 34,5%;
жалпы табыстағы еңбек қызметінен түскен табыстар үлесі – 76,2%;
табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі – 5,2%;
жұмыссыздық деңгейі – 4,7%;
бүкіл кезең ішінде барлығы 2 млн астам адамға жұмыс орындарын құру.
2025 жылға дейін елімізде 2 млн жуық жаңа жұмыс орны құрылады
Үкімет отырысында жасаған баяндамасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама шеңберінде еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыстар жүргізетінін баяндады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен барлығы 33 іс-шара қарастырылған, оның 16-сын тікелей министрлік жүзеге асырады.
«Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», – деді С. Шәпкенов.
Оның айтуынша, бүгінгі күні еңбек нарығында 300 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар азаматтық келісімшарттар негізінде жұмыс атқаруда. Тапсырыс берушілер мен орындаушылардың арасындағы қарым-қатынас күрделі бюрократиялық процесс.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшінің құрамында 60%-ға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша тартылады.
Осы мәселелерді ескере отырып:
біріншіден, министрлік фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлейді. Бұл әртүрлі платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез арада табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді;
екіншіден, 3 және 4 санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,7 мың адамға қысқартылатын болады;
үшіншіден, жаңа жұмыс орындарының құрылуы өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты түрде жаңарту арқылы мониторингіленетін болады.
Аталған шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді.
Сондықтан:
біріншіден, ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдауды және жұмыспен қамтуды қажет ететін азаматтарды «Ерте анықтау жүйесі» енгізіледі. Бұл орайда Цифрлық карта арқылы әлеуметтік мәртебесі жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленіп, олардың нақты қажеттіліктері анықталатын болады;
екіншіден, NEET жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны», түлектер үшін «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылды;
үшіншіден, жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру үшін заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымын енгізіп, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірден келген жастарға тұрғын үй жалдау үшін көтерме жәрдемақы енгізу бойынша шаралар қолданылады;
төртіншіден, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қазіргі кезде қызмет ететін үлгідегі Әйелдерді қолдау орталықтарын барлық өңірлерде құру жоспарлауда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелдерге кешенді қолдау көрсетіледі.
Бұл шаралар әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыспен қамтуға, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік беретін болады.
Еңбек ресурстарының кәсіптік дағдыларын дамыту және кәсіптік бағдарлау бағытында бірқатар шаралар қолға алынады.
біріншіден, бизнеспен бірлесіп кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары негізінде жаппай қайта даярлау, біліктілікті арттыру «фабрикаларын» құру. Оқуды ұйымдастыруда жастарға, сұранысы жоғары мамандықтарға ерекше мән берілетін болады.
екіншіден, сұранысқа ие дағдыларды тану жүйесі енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша министрлік «Ұлттық біліктілік жүйесі туралы» заң жобасын әзірлеуде. Оның аясында тәуелсіз біліктілікті тану орталықтарын құруға тиімді жағдай жасау, жыл сайын сертификациялаудан өту үшін жұмыс іздеушілерге кемінде 1000 ваучер ұсыну қарастырылады.
үшіншіден, Skills.enbek.kz платформасында онлайн оқу арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеруге жағдай жасалады.
төртіншіден, оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру үшін мансаптық ілгерілеу бойынша кемінде 100 нұсқаулық әзірленіп, жоғары сынып оқушылары қамтылады.
Сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтар мен болашағы зор дағдылардың тізімі жыл сайын жаңаланатын болады.
Қазақстанда 2025 жылға дейін 2400 МВт экологиялық таза энергияны іске қосу жоспарланған
Өз кезегінде энергетика министрі Болат Ақшолақов осы бағдарлама аясында министрлік келесі іс-шараларды жоспарлағанын баяндады.
Біріншіден, мұнай саласына қажетті жаңа өндірістерді, оның ішінде Chevron корпорациясының тікелей инвестициялар қорынан қаржыландыру тетігі арқылы оқшаулау.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта «Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы» жұмыс істейді, ол 3 ірі оператордың мұқтаждығы үшін жергілікті тауарларды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Орталық үш тауар тобы бойынша өндірісті оқшаулау бойынша жұмыстарды бастады: тиек арматурасы (клапандар), бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА) және электр техникалық жабдық.
Аталған тауар топтарына мамандандырылған еліміздің 13 өңіріндегі 60 зауытқа барды.
35 000-нан астам тауар талданды, оның ішінде 19 тауар түрі жақын болашақта операторлар неғұрлым талап ететін тауарлар ретінде айқындалды.
Осындай бастамалардың арқасында мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндіруде өз жүйемізді құруды жоспарланған.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі мұнай-газ кен орындары бойынша жобалауды кезең-кезеңмен жүргізу.
Оның айтуынша, аталған іс-шара жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған, оның шеңберінде 2025 жылға дейін шамамен 2500 уақытша жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Үшіншіден, мұнай-газ химиясы кластерін құру. Құрылысы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын 7 жобаны іске асыруды көздейді.
Атап айтқанда, биыл қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған.
Министрдің айтуынша, өткен жылы Қашағанда қуаты 1 млрд м3 болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2024 жылы.
Төртіншіден, экономиканың орнықты даму талаптарына сай келетін энергетикалық кешенді жаңғырту.
Іс-шараның басты мақсаты экономика мен халықтың электр энергиясына қажеттілігін жабу болып табылады.
Оның айтуынша, 2025 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінде маневрлік режимі бар, жиынтық қуаты шамамен 1 000 МВт бу-газ қондырғыларын салу жөніндегі жобаларды аяқтау болжанып отыр.
Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 2400 МВт экологиялық таза энергияны іске қосу жоспарланған.
Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желілерін күшейту бойынша «KEGOC» АҚ Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында 220 кВ транзиттің екінші тізбегін салу жөніндегі жобаны бастады.
Сонымен қатар Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту жүргізілетін болады.
Жаңа жұмыс орындарын құру және импортты алмастыру – ҚР ИИДМ халықтың табысын арттыру бойынша
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі атап өткендей, Бағдарлама шеңберінде ҚР ИИДМ 23 іс-шараны іске асыруға жұмылдырылды. Оның ішінде 11-і бойынша – жауапты орындаушы, 12-сі бойынша тең орындаушы.
Жаңа жұмыс орындарын құру шеңберінде мынадай шаралар қабылданады:
«ҚДБ» АҚ және «КДҚ» АҚ арқылы қосымша қаржыландырумен қамтамасыз ету есебінен экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларды қаржыландыруды жақсарту арқылы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігі артады;
Өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ-ты оның өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар – ірі кәсіпорындардың айналасында, атап айтқанда азық-түлік, арнайы киім, қорғаныс костюмдері, сондай-ақ оның шикізат өнімдері негізіндегі тауарлар мен қызметтер арқылы дамыту;
АЭА жұмыс істеуінің жаңа тәсілдерін әзірлеу;
Өнеркәсіптік гранттар беру.
Министрліктің жоспарына сәйкес, ұсынылған шараларды іске асыру 2022-2023 жылдарға арналған 69 мың кезекте тұрғанды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, 2025 жылға дейін 23 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, кәсіпорындар қызметінің тиімділігі артады. ЖТҚ үшін ИКИ 2025 жылдың соңына дейін 160 мың жер учаскесіне дейін жүргізілетін болады. Ірі өндірушілердің айналасында жаңа ШОБ-тың пайда болуы және дамуы, АЭА-ның инвестициялық тартымдылығы артады.
Халықтың табысы мен сатып алу қабілетін арттыру бойынша министрлік ірі компаниялар қызметкерлерінің жалақысын орташа салалық деңгейге дейін арттыру жөнінде келіссөз жүргізеді.
Халықты ынталандыру шараларының бірі ретінде Нұр-Сұлтан қаласында iKomek 109, Қостанай қаласында Smart Qostanay және т. б. негізінде электрондық қосымшаларды енгізу арқылы карьерден халыққа көмір құнын төмендету көзделген.
Салықтық оңтайландыру шеңберінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне шикізат пен құрауыштарын енгізу жоспарлануда.
Үкіметтің бұл шаралары жалақыны орта салалық деңгейге дейін арттыруға, отандық кәсіпорындарды тағылымдамадан және біліктілігін арттырудан өткен 1000-ға жуық маманмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асырылып жатқан шаралар кешені импортты алмастыруды дамытуға және қазақстандық құн тізбегін жаһандық өсіруге мүмкіндік береді.
«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу ережесін жаңартты
А. Сәтқалиев өз баяндамасында Қордың таяу келешекке арналған негізгі міндеттерін белгіледі.
Мәселен, жалақысы төмен лауазымдарға баса назар аудара отырып, өндірістік персоналдың жалақысын саралап ұлғайту арқылы Қор компаниялары тобының басқармалық әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналының жалақысындағы алшақтықты қысқарту жүргізілетін болады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қорға қызмет көрсететін мердігер компаниялар қызметкерлерінің жалақысын орта салалық деңгейге дейін арттыру жөнінде міндетті талаптар қабылдайды.
Әуе тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында FlyArystan лоукостері дамуда қосымша серпін алады.
Қордың болжамдары бойынша осы шаралар ағымдағы жылдың өзінде ҰӘҚ өндірістік персоналының жалақы деңгейін орта есеппен 30%-ға көтеруге мүмкіндік береді.
Жаңа құжатқа сәйкес, Қор компаниялары сатып алуды жүзеге асырған кезде жеткізушілер қызметкерлерінің жалақысының ең төменгі шегін белгілеу бойынша талаптар ескерілетін болады.
Сондай-ақ әлеуетті жеткізушілерге тендерлерде шартты жеңілдіктер тек өз қызметкерлеріне жоғары жалақы төлейтін жеткізушілерге ғана ұсынылады.
Отандық FlyArystan лоукостерін дамыту жоспары бойынша әуе кемелері паркі 10 ұшақтан 14 ұшаққа дейін ұлғайтылады.
Бағдарламаның негізгі бағыттары туралы ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндады.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биыл 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының төмендігі проблемаларына тоқталып, Үкіметке Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, осы тапсырманы орындау мақсатында министрлік мемлекеттік органдармен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық қауымдастықпен бірлесіп, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша нақты жағдайға талдау жүргізіп, Бағдарлама жобасын әзірледі.
Ә. Қуантыровтың айтуынша, талдау нәтижелері бойынша, тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың нақты ақшалай табысының өсу қарқыны 2019 жылғы 6,4%-дан 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 3,1%-ға дейін баяулағаны айқындалды.
«Сонымен қатар, халық табысының құрылымында еңбек етуден түсетін кірістердің төмендеуі және әлеуметтік трансферттерден кірістердің өсуі байқалады. Халықтың еңбек етуден түсетін табысының үлесі соңғы 10 жылда 10,8 пайыздық тармаққа төмендеді. Өз кезегінде, әлеуметтік трансферттердің үлесі, керісінше, 10 пайыздық тармаққа өсті», – деді Ә. Қуантыров.
Оның айтуынша, жүргізілген талдауды ескере отырып, Халықтың табысын арттыру бағдарламасында мына 10 басымдық белгіленді:
Ел дамуының негізі – жұмысшы жастар;
Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастырудың жаңа мүмкіндіктері
Бюджет жұмыскерлеріне лайықты жалақы;
Еңбек кірісіндегі теңгерімсіздіктерді жою;
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру;
Туризмдегі жұмыспен қамтуды арттыру;
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жаппай жұмыспен қамту;
Өңдеу өнеркәсібінде тиімді жұмыспен қамтуды дамытуды ынталандыру;
Халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік кірістің өсуін ынталандыру;
Табыстың сатып алу қабілетін қорғау.
Бұдан кейін министр Үкіметтің бүкіл экономикалық саясатының жалпы мақсаты халық табысын арттыру болғандықтан, Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты екенін атап өтті.
Бағдарлама шеңберіндегі шараларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады.
Тікелей шаралар бюджет жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге және кірістердегі теңгерімсіздікті теңестіруге бағытталған.
Жанама шаралар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік даярлау (қайта даярлау), өңдеуші кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы табыстың өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бағдарлама 80 шарадан тұрады, олар мынадай негізгі бағыттарға бөлінген:
халықтың еңбек табысының артуы;
кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру;
сатып алу қабілетін қорғау.
Бағдарламаны іске асыру лайықты еңбек пен масылдықтан бас тарту идеяларын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қатар жүретін болады.
Еңбек табысын арттыру бағыты аясында 22 шара іске асырылады.
«Еңбек табысының өсуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтеріледі. Өндіріс кәсіпорындары жұмыскерлерінің табысындағы теңгерімсіздіктерді жою бойынша шаралар қабылданатын болады», – деді Ә. Қуантыров.
Оның айтуынша, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғыртуды ынталандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады.
Өндірістік дағдыларды дамыту бойынша Бағдарламада «Өмір жолдамасы» кадрларды алдын ала даярлау жобасын өңірлік деңгейде іске асыру сияқты іс-шаралар көзделген.
Одан кейін министр кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру бағытында 41 шара іске асырылатынын айтты.
Жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шаралар жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобаларын, сондай-ақ осал топқа жататын жекелеген адамдарды жұмысқа орналастыру тетігін іске асыруды қамтиды.
«Мектеп оқушылары, колледж түлектері арасында кәсіптік бағдар беруді енгізу, халықты, негізінен жастарды жаппай даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру «фабрикаларын» құру жөніндегі іс-шаралар біліктілік пен дағдыны арттыруға бағытталған», – деді Ә. Қуантыров.
Шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде кредиттер/микронесиелер бойынша жергілікті бюджеттерден субсидиялар беру, моно-, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеңілдікпен микрокредит беруді және жаңа кепілдік беру құралын енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар министр бағдарлама шеңберінде табыстың сатып алу қабілетін қорғауға ерекше мән берілетінін жеткізді.
Осы бағытта мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:
ӘМАТ тізбесіне енбеген азық-түлік тауарларының өндірісін ұлғайту;
ішкі нарықтың импортын негізгі азық-түлік емес тауарлармен алмастыру бойынша шараларды іске асыру;
халықтың проблемалы қарыздарымен жұмыс істеу бойынша банктердің жеке жоспарларын қабылдау.
Ә. Қуантыровтың айтуынша, жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру 2025 жылға қарай мынадай 5 нысаналы индикаторға жоспарлы түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
ЖІӨ-дегі еңбекақының үлесі – 34,5%;
жалпы табыстағы еңбек қызметінен түскен табыстар үлесі – 76,2%;
табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі – 5,2%;
жұмыссыздық деңгейі – 4,7%;
бүкіл кезең ішінде барлығы 2 млн астам адамға жұмыс орындарын құру.
2025 жылға дейін елімізде 2 млн жуық жаңа жұмыс орны құрылады
Үкімет отырысында жасаған баяндамасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама шеңберінде еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыстар жүргізетінін баяндады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен барлығы 33 іс-шара қарастырылған, оның 16-сын тікелей министрлік жүзеге асырады.
«Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», – деді С. Шәпкенов.
Оның айтуынша, бүгінгі күні еңбек нарығында 300 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар азаматтық келісімшарттар негізінде жұмыс атқаруда. Тапсырыс берушілер мен орындаушылардың арасындағы қарым-қатынас күрделі бюрократиялық процесс.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшінің құрамында 60%-ға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша тартылады.
Осы мәселелерді ескере отырып:
біріншіден, министрлік фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлейді. Бұл әртүрлі платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез арада табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді;
екіншіден, 3 және 4 санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,7 мың адамға қысқартылатын болады;
үшіншіден, жаңа жұмыс орындарының құрылуы өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты түрде жаңарту арқылы мониторингіленетін болады.
Аталған шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді.
«Еңбек нарығында 300 мыңға тарта жұмыссыз және NEET санатындағы жастар, 80 мыңнан астам көпбалалы және мүгедіктігі бар бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасылар бар. Бұл әрбір мұқтаж топ үшін арнайы тәсілдер құралдар қабылдауды талап етеді», – деді С. Шәпкенов.
Сондықтан:
біріншіден, ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдауды және жұмыспен қамтуды қажет ететін азаматтарды «Ерте анықтау жүйесі» енгізіледі. Бұл орайда Цифрлық карта арқылы әлеуметтік мәртебесі жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленіп, олардың нақты қажеттіліктері анықталатын болады;
екіншіден, NEET жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны», түлектер үшін «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылды;
үшіншіден, жастарды жұмысқа баулу және ынталандыру үшін заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымын енгізіп, олар үшін сынақ мерзімін алып тастау, басқа өңірден келген жастарға тұрғын үй жалдау үшін көтерме жәрдемақы енгізу бойынша шаралар қолданылады;
төртіншіден, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қазіргі кезде қызмет ететін үлгідегі Әйелдерді қолдау орталықтарын барлық өңірлерде құру жоспарлауда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелдерге кешенді қолдау көрсетіледі.
Бұл шаралар әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыспен қамтуға, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік беретін болады.
«Қазіргі еңбек нарығындағы тенденцияларды ескерсек, сарапшылар жақын 5 жылдықта жұмысшылардың дағдылары, талаптардың 40%-ға жуығы өзгереді деп болжауда», — деді С. Шәпкенов.
Еңбек ресурстарының кәсіптік дағдыларын дамыту және кәсіптік бағдарлау бағытында бірқатар шаралар қолға алынады.
біріншіден, бизнеспен бірлесіп кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары негізінде жаппай қайта даярлау, біліктілікті арттыру «фабрикаларын» құру. Оқуды ұйымдастыруда жастарға, сұранысы жоғары мамандықтарға ерекше мән берілетін болады.
екіншіден, сұранысқа ие дағдыларды тану жүйесі енгізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша министрлік «Ұлттық біліктілік жүйесі туралы» заң жобасын әзірлеуде. Оның аясында тәуелсіз біліктілікті тану орталықтарын құруға тиімді жағдай жасау, жыл сайын сертификациялаудан өту үшін жұмыс іздеушілерге кемінде 1000 ваучер ұсыну қарастырылады.
үшіншіден, Skills.enbek.kz платформасында онлайн оқу арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеруге жағдай жасалады.
төртіншіден, оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру үшін мансаптық ілгерілеу бойынша кемінде 100 нұсқаулық әзірленіп, жоғары сынып оқушылары қамтылады.
Сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтар мен болашағы зор дағдылардың тізімі жыл сайын жаңаланатын болады.
«Аталған шаралар жұмыс берушілердің сұранысына қарай кадрлар дайындауға, жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандақтар мен дағдылар туралы ақпараттандыруға, оларға мамандық таңдауда қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді С. Шәпкенов.
Қазақстанда 2025 жылға дейін 2400 МВт экологиялық таза энергияны іске қосу жоспарланған
Өз кезегінде энергетика министрі Болат Ақшолақов осы бағдарлама аясында министрлік келесі іс-шараларды жоспарлағанын баяндады.
Біріншіден, мұнай саласына қажетті жаңа өндірістерді, оның ішінде Chevron корпорациясының тікелей инвестициялар қорынан қаржыландыру тетігі арқылы оқшаулау.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта «Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы» жұмыс істейді, ол 3 ірі оператордың мұқтаждығы үшін жергілікті тауарларды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні Орталық үш тауар тобы бойынша өндірісті оқшаулау бойынша жұмыстарды бастады: тиек арматурасы (клапандар), бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА) және электр техникалық жабдық.
Аталған тауар топтарына мамандандырылған еліміздің 13 өңіріндегі 60 зауытқа барды.
35 000-нан астам тауар талданды, оның ішінде 19 тауар түрі жақын болашақта операторлар неғұрлым талап ететін тауарлар ретінде айқындалды.
«Технологиялар трансферті және тауарлар өндірісін оқшаулау жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады, бұл шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді Б. Ақшолақов.
Осындай бастамалардың арқасында мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндіруде өз жүйемізді құруды жоспарланған.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі мұнай-газ кен орындары бойынша жобалауды кезең-кезеңмен жүргізу.
Оның айтуынша, аталған іс-шара жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған, оның шеңберінде 2025 жылға дейін шамамен 2500 уақытша жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Үшіншіден, мұнай-газ химиясы кластерін құру. Құрылысы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын 7 жобаны іске асыруды көздейді.
Атап айтқанда, биыл қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған.
Министрдің айтуынша, өткен жылы Қашағанда қуаты 1 млрд м3 болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2024 жылы.
«Сондай-ақ, қуаты жылына шамамен 1 млн тонна полиэтилентерефталат, қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен және қуаты жылына 186 мың тонна бутадиен өндіру жөніндегі мынадай ірі жобаларды іске асыруға назар аударылатын болады. Өз кезегінде, осы жобаларды іске асыру 2022-2025 жылдар кезеңінде 2,5 мың тұрақты және 12 мың уақытша жұмыс орындарын құруды көздейді», — деді Б. Ақшолақов.
Төртіншіден, экономиканың орнықты даму талаптарына сай келетін энергетикалық кешенді жаңғырту.
Іс-шараның басты мақсаты экономика мен халықтың электр энергиясына қажеттілігін жабу болып табылады.
«Электр қуаты нарығы шеңберінде министрлік жасасқан 13 инвестициялық келісімді іске асыру жолымен жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту жүзеге асырылатын болады, 1600 МВт қосымша қуаттар іске қосылатын болады», — деді Б. Ақшолақов.
Оның айтуынша, 2025 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінде маневрлік режимі бар, жиынтық қуаты шамамен 1 000 МВт бу-газ қондырғыларын салу жөніндегі жобаларды аяқтау болжанып отыр.
Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 2400 МВт экологиялық таза энергияны іске қосу жоспарланған.
Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желілерін күшейту бойынша «KEGOC» АҚ Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында 220 кВ транзиттің екінші тізбегін салу жөніндегі жобаны бастады.
Сонымен қатар Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту жүргізілетін болады.
«Көзделген іс-шаралар жаңа генерацияны құруға және тозу деңгейін 66%-дан 62,7%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ 21 мыңнан астам жұмыс орнын (1 000 тұрақты/20 000 уақытша) құруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған шаралар елдің әлеуметтік–экономикалық дамуына және халықтың табысын арттыруға тікелей бағытталған», — деді министр.
Жаңа жұмыс орындарын құру және импортты алмастыру – ҚР ИИДМ халықтың табысын арттыру бойынша
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі атап өткендей, Бағдарлама шеңберінде ҚР ИИДМ 23 іс-шараны іске асыруға жұмылдырылды. Оның ішінде 11-і бойынша – жауапты орындаушы, 12-сі бойынша тең орындаушы.
«Іс-шаралар негізінен жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықты жұмыспен қамтуға, тұрғын үй кешені саласында көрсетілетін сервистік қызметтер бағаларын ұстап тұруға, негізгі тауарлар, құрылыс материалдары, жеңіл, химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларының импортын алмастыруға бағытталған», — деді М. Қарабаев.
Жаңа жұмыс орындарын құру шеңберінде мынадай шаралар қабылданады:
«ҚДБ» АҚ және «КДҚ» АҚ арқылы қосымша қаржыландырумен қамтамасыз ету есебінен экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларды қаржыландыруды жақсарту арқылы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігі артады;
Өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ-ты оның өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар – ірі кәсіпорындардың айналасында, атап айтқанда азық-түлік, арнайы киім, қорғаныс костюмдері, сондай-ақ оның шикізат өнімдері негізіндегі тауарлар мен қызметтер арқылы дамыту;
АЭА жұмыс істеуінің жаңа тәсілдерін әзірлеу;
Өнеркәсіптік гранттар беру.
Министрліктің жоспарына сәйкес, ұсынылған шараларды іске асыру 2022-2023 жылдарға арналған 69 мың кезекте тұрғанды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, 2025 жылға дейін 23 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, кәсіпорындар қызметінің тиімділігі артады. ЖТҚ үшін ИКИ 2025 жылдың соңына дейін 160 мың жер учаскесіне дейін жүргізілетін болады. Ірі өндірушілердің айналасында жаңа ШОБ-тың пайда болуы және дамуы, АЭА-ның инвестициялық тартымдылығы артады.
Халықтың табысы мен сатып алу қабілетін арттыру бойынша министрлік ірі компаниялар қызметкерлерінің жалақысын орташа салалық деңгейге дейін арттыру жөнінде келіссөз жүргізеді.
«Сонымен қатар, министрлік өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының отандық инженерлік-техникалық персоналын шетелдік зауыттар мен ұйымдарда тағылымдамадан өткізу мәселесін іске асыруда», – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі М. Қарабаев.
Халықты ынталандыру шараларының бірі ретінде Нұр-Сұлтан қаласында iKomek 109, Қостанай қаласында Smart Qostanay және т. б. негізінде электрондық қосымшаларды енгізу арқылы карьерден халыққа көмір құнын төмендету көзделген.
Салықтық оңтайландыру шеңберінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне шикізат пен құрауыштарын енгізу жоспарлануда.
Үкіметтің бұл шаралары жалақыны орта салалық деңгейге дейін арттыруға, отандық кәсіпорындарды тағылымдамадан және біліктілігін арттырудан өткен 1000-ға жуық маманмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асырылып жатқан шаралар кешені импортты алмастыруды дамытуға және қазақстандық құн тізбегін жаһандық өсіруге мүмкіндік береді.
«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу ережесін жаңартты
А. Сәтқалиев өз баяндамасында Қордың таяу келешекке арналған негізгі міндеттерін белгіледі.
Мәселен, жалақысы төмен лауазымдарға баса назар аудара отырып, өндірістік персоналдың жалақысын саралап ұлғайту арқылы Қор компаниялары тобының басқармалық әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналының жалақысындағы алшақтықты қысқарту жүргізілетін болады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қорға қызмет көрсететін мердігер компаниялар қызметкерлерінің жалақысын орта салалық деңгейге дейін арттыру жөнінде міндетті талаптар қабылдайды.
Әуе тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында FlyArystan лоукостері дамуда қосымша серпін алады.
Қордың болжамдары бойынша осы шаралар ағымдағы жылдың өзінде ҰӘҚ өндірістік персоналының жалақы деңгейін орта есеппен 30%-ға көтеруге мүмкіндік береді.
Жаңа құжатқа сәйкес, Қор компаниялары сатып алуды жүзеге асырған кезде жеткізушілер қызметкерлерінің жалақысының ең төменгі шегін белгілеу бойынша талаптар ескерілетін болады.
Сондай-ақ әлеуетті жеткізушілерге тендерлерде шартты жеңілдіктер тек өз қызметкерлеріне жоғары жалақы төлейтін жеткізушілерге ғана ұсынылады.
Отандық FlyArystan лоукостерін дамыту жоспары бойынша әуе кемелері паркі 10 ұшақтан 14 ұшаққа дейін ұлғайтылады.
«FlyArystan статистикасына сәйкес FlyArystan рейстеріндегі әрбір жетінші жолаушы алғаш рет ұшу қызметтерін пайдаланған. Қазақстан бойынша билеттердің жартысынан көбі ішкі рейстерде құны 14 000 теңгеден төмен сатылады. Жалпы, FlyArystan жолаушылар ағынының жылдан жылға 2 еседен астам өскенін көрсетеді», – деді А. Сәтқалиев.