Полицей дәрігерді ұрып өлтірген

1 430

Фото: pixabay.comБатыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ал полиция департаменті оның ішкі істер органдарынан бұл оқиғаға дейін теріс қылығы үшін шығарылғанын мәлімдеді.

Қазір үстінен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалған күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Ауылдастарының айтуынша, ММА спортымен айналысатын сақшы ауыл дәрігерімен ерегесіп қалған. Кейін оны бір ұрып сұлатып түсірген.

Ауыр соққы алған дәрігер ауруханада көз жұмды.

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы орталық ауруханаға ес-түссіз азамат жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Динара Нұрсұлтанова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.