Екі шөлмек сыра ұрлаған ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін

1 359

Фото: istockphoto.comСемейде дүкендердің бірінде екі шөлмек сыра ұрлаған ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мұндай жағдайға ер адамның сыра ұрлау барысында сатушыға күш қолданғаны себеп болып отыр. Ал оқиғаның барысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Полиция жедел әрекет етті. Сергек жүйесінің арқасында қарақшыны жылдам анықтауға мүмкіндік туды, көп ұзамай 44 жастағы күдікті ұсталды», - деп хабарлады облыстық ПД.

Ер адамның әрекеті зорлық-зомбылықпен тонау ретінде қаралып отыр. Ол бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.