Автобус бақылаушысын пышақтап кеткен

1 369

Фото: istockphoto.comАлматыда қоғамдық көлік бақылаушысын пышақтап кетті. Күдікті көп ұзамай қолға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің бақылаушысын пышақтап кеткен 38 жастағы ер адамды ұстады.



«Қылмыс қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында болды. Қоғамдық көліктің бірінің бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан арасында жанжал шыққан. Содан кейін өтіп бара жатқан адам автобусқа жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. «Жедел жәрдем» бригадасы қоғамдық көліктің бақылаушысын шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару – асхана пышағы тәркіленді», - деді, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.