Қазақстан 2024 жылы астық жинауда жаңа рекордқа жетті

1 380

Фото: istockphoto.com2024 жыл Қазақстанның рекордтық астық жинауымен тарихта қалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Таяуда Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің тұңғыш форумында Президент жариялағандай, осы жылы соңғы 10 жылда болмаған көлемде – 26,7 миллион тонна дәнді дақыл орылды.

Бұрынғыша айтқанда, бұл – 1 миллиард 629,9 миллион пұтқа тең. Осынша астықты кезінде алпауыт держава Кеңес одағы әзер алатын.

Биыл елде бидайдың орташа шығымдылығы әр гектардан 16,1 центнерден айналды. Салыстырғанда, 2023 жылы орташа өнімділік 10 центнерден келген еді.

Бұдан бөлек 3,2 миллион тонна майлы дақыл (шығымдылығы 10,9 ц/га), 2,9 миллион тонна картоп, 3,9 миллион тонна көкөніс, 2,6 миллион тонна бақша өнімдері жиналды. Үкіметтің мәліметінше, мол астыққа аграршылардың ерен еңбегі сыртында, агротехнологияларды дұрыс қолдануы, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді тиімді қорғау арқасында қол жеткізілді.

26,7 миллион тонна жаңа астыққа былтырғыдан қалған қалдық қосылғанда, республикада 30 миллион тоннаға жуық қор қалыптасуда. Дәнді дақылдардың кем дегенде 12 миллион тоннасын шетелге экспорттау міндеті қойылды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.