Әкімдіктің алдында өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды

1 398

Фото: istockphoto.comМаңғыстау облысы әкімдігінде өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 


Ол жәбірленушінің оқиғадан кейін есін жинамай 17 желтоқсанда таңғы 9-да қайтыс болғанын айтты. Ол 12 күн бойы ол реанимацияда жатты. 

«Денесі  98% термиялық күйік болды. Біз оны ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтаттық. Бірақ содан кейін оның қысымы төмендеп, күйіктен шок алып, қайтыс болды», деді Бекібаев

Марқұмның денесі медициналық сараптамаға жіберілді. Бас дәрігердің міндетін атқарушының айтуынша, өрт, жол-көлік оқиғасы, ұрып-соғу сияқты жағдайлар қылмыстық болып саналады және қайтыс болған адамдардың денелері сараптамаға жіберіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.