1 шілдеден бастап несие алу қиындайды

1 509

Фото: ©ChatGPT мен жасалғанЕнді банктер мен қаржы ұйымдары несие рәсімдеу кезінде азаматтардың тек ресми табысына сүйенеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 1-ші шілдеден бастап тұтынушылық несие беру талаптары күшейеді. Жаңа ережеге сәйкес, төлем қабілеттілігі мынадай ресми кіріс көздері арқылы анықталады:
- зейнетақы жарналарының тұрақты аударылуы;

- әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері;

- ресми декларацияланған кәсіпкерлік табыс.

Егер азаматтың мемлекеттік базаларда расталған табысы болмаса, несие немесе бөліп төлеу рәсімдеу қиындай түспек. Жаңа талаптар ең алдымен:

- жалақыны «конвертпен» алатындарға;

- ресми тіркелмеген фрилансерлерге;

- такси жүргізушілері, құрылысшылар секілді өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға;

- тұрақты жұмысы жоқ азаматтарға әсер етеді.

Бұл шектеулер тек ірі несиелерге емес, смартфон, тұрмыстық техника секілді тауарларды бөліп төлеуге де қатысты болады. Мамандар көлеңкелі табыспен жұмыс істейтін азаматтарға қызметін заңдастырып, ресми тіркелуге кеңес береді. Өйткені енді несие алудың басты шарты – расталған ресми табыс болмақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.