Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштер қабылдау басталды

371
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштер қабылдау басталды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, оның аумақтық бөлімшелерінде және жергілікті атқарушы органдарда энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.


«Электрондық үкімет» веб-порталының
 жұмыс графигі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 15 тамыз сағат 09:00-ден 30 қыркүйек сағат 18:30-ға дейін тәулік бойы (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша). Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығына сәйкес «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген)           Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес өзгертулер енгізілгендігін хабарлаймыз.


Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.