"Kizdar.net" сайтының ұйымдастырушылары ұсталды
Алматы қаласы прокуратурасы "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушылардың қызметі тоқтатылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.
Қалалық прокуратура мәліметінше, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Интернет-ресурсты ұйымдастырды деген күдіктілер ұсталып, әрекеті ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, сот санкцияларымен қамауға алынған.
Ведомство аталған істі ерекше бақылауына алған.
Қаз
Рус






