АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!

1 460

Фото: Азаматтарға арналған үкімет, ҚызылордаАрхивисттер күні — бұл архив қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін бағалауға, олардың еңбек жолындағы маңызды жетістіктерін атап өтуге арналған ерекше күн. Бұл мереке архив саласындағы мамандардың еліміздің тарихын сақтау, құжаттар мен мәліметтерді жүйелеу мен қорғау жөніндегі аса жауапты жұмыстарын мойындауға бағытталған.

Шара барысында Аида Ибрагимқызы архивистердің еңбегін жоғары бағалап, олардың қоғам үшін атқаратын маңызды қызметін атап өтті. Ол архив мамандарының әрқашан ел тарихын, мәдениетін, заңнамалық құжаттарын сақтаудағы елеулі еңбегін атап өтіп, әрбір архивистке ерекше ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, архивистердің үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, технологиялардың жетістіктерін өз жұмыстарында тиімді пайдаланатынын атап өтті.

Шара соңында архив саласының үздік қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталып, оларға шығармашылық табыс және жұмыстарының алдағы уақытта да жоғары деңгейде болуына тілектестік білдірілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.