2025 жылы кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалған
Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2025 жылы кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 2020 жылы — 1, 2021 жылы — 3, 2022 жылы — 3, 2023 жылы — 2, өткен жылы 3 дерек тіркелген. Осының ішінде жетеуі Орал қаласының үлесіне тиеді. Жүкті болғандардың ең кішісі 2023 жылдан бастап 15 жаста.
Биылдың өзінде екі жасөспірімнің аяғы ауыр екендігі анықталды.
Қаз
Рус






