Күйеуі Қаңтарда оқ тиіп қайтыс болған 4 баланың анасы жол апатынан мерт болды

1 430

Фото: instagram/ azattyqҚаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың артында әйелі мен 4 баласы қалған еді. Әйелі такси қызметімен айналысып жүріп, жол апатынан қаза тапқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді.

Сая Есенгелдінің сөзінше, күйеуіне оқ президент резиденциясы маңында тиген. Алайда оның қақтығыс алаңына қалай барғанын білмейді.

«Еркебұланға оқ президент резиденциясының алдында тигенін айтты. Бірақ нақты білмеймін. Үйден шыққан кезде митингке бара жатқанын айтпады. Анамызды жұмыстан алып кетуге кеткен. Бірақ не анамызға бармады, не үйге келмеді. 5 қаңтар кешке дейін күттік, содан кейін іздеуге кірістік. Бірақ таба алмадық. 7 қаңтарда ауруханадан табылды. Өзімен бірге қалтасында құжаты болмаған. Көлігі бір жақта, өзі бір жақта...», - дейді ол.

Қаңтар оқиғасынан кейін, күн көру мақсатында Сая такси айдап жүрген. Балаларына анасы қарасқан. Өкінішке қарай, 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолында жол апаты болып 3 адам қаза тапқан еді, ішінде Сая да бар.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.