Көпбалалы аналарға 8 наурызға орай 39 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі

1 386

Фото: shutterstock.com/Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға әкімдік тарапынан бір реттік қаржылай көмек беріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кейбір өңірлерде бір реттік көмек мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерге де қарастырылған. Әр қалада төлем мөлшері де әртүрлі, ал кейбір өңірлерде биыл бюджеттен мұндай қолдау бөлінбеген.


  • Астанада - Халықаралық әйелдер күніне орай 36 мыңға жуық көпбалалы және аз қамтылған анаға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлем мөлшері – 2,5 АЕК (9 830 теңге). Қаржы жергілікті бюджеттен бөлініп, "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы Астанада тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға аударылады.
  • Шымкентте -  "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана" және "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі.
  • Түркістанда облысында - көпбалалы аналардың саны айтарлықтай жоғары. 18 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар 117 927 ана тіркелген. Әлеуметтік қолдау шаралары шеңберінде аудандық және қалалық бюджеттен 63 мыңнан астам адамға 484,8 миллион теңге бөлініп, әр анаға орташа есеппен 2 АЕК (7 864 теңгеден) берілмек. 
  • Маңғыстау облысында - дәл осындай соманы 22 наурызға орай табыстамақ. Осылайша өңірдегі 12 686 адамға 99,7 миллион теңге төлем жасалады.
  • Солтүстік Қазақстанда - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, "Ана даңқы" I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ең көп бірреттік төлем төленеді. Әрқайсына 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 39 320 теңге. 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде көмек қарастырылған.
  • Ұлытау облысында - көпбалалы аналар мен отбасыларға әлеуметтік қолдау үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бірреттік төлем тағайындалды. Осы ретте 2 711 көпбалалы анаға 20 мың теңгеден төленеді. Тағы 6 454 көпбалалы отбасыға (төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе балалары күндізгі оқу нысанында білім алатын отбасыларға) 20 мың теңгеден бөлінеді.
  • Қарағанды облысында -  11 ауданға төлемақы берілмек. Тізімге Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары кіріп отыр. Жалпы бюджет – 861,2 миллион теңге. Мұнда әр анаға 20 мың теңге берілмек. 
  • Павлодарда -  аналарға да мереке қарсаңында осы мөлшерде төлем беріледі. Биыл облыста бұл көмекті атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 750-ден астам көпбалалы ана алады.
  • Ақмола облысында - көпбалалы аналарға 2-ден 5 АЕК-ке дейін (7 864 – 19 660 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. "Отбасының цифрлық картасы" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес 6 010 әйел тіркелген.
  • Шығыс Қазақстанда - көпбалалы аналар 15 мың теңге мөлшерінде төлемақы алады. 

Десе де төлемдер Алматы қаласы және Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс, Абай, Алматы, Жетісу облыстарында қарастырылмаған.