Ауа райына байланысты жолдар жабылды

1 267

Фото:depositphotos.comҚарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Қарағанды облысында 6 наурыз күні қатты боран мен төмен көріну салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылды", - делінген хабарламада.

Қиын метеожағдайларға байланысты облыс жолдарында 719 жеңіл автокөлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік тоқтап қалды. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысының қиындауына және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді. Атап айтқанда, Қарағанды — Теміртау тасжолында үш жол-көлік оқиғасы болған. Абырой болғанда зардап шегугілер жоқ. Апаттардың негізгі себептері — нашар көріну және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.