Қызылорда полицейлері автокөлікті айдап әкеткен әйелді ұстады
519
Қызылордада автокөлікті айдап кеткен әйел құрықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы 10 қазанда қала тұрғыны Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, өзіне тиесілі көшелерінің бірінде тұрған "Мерседес бенц" автокөлігін белгісіз адам айдап кеткендігі туралы арызданған.
Жедел басқару орталығы айдап әкетушіні анықтау және ұстау туралы дереу хабарлама береді. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол 30 жастағы азаматша, қала тұрғыны болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігімен (ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.