Қызылордадан жеткізілген генерал Хон Бом Доның сүйегі отанында жерленді

440
Генерал Хон Бом Доның сүйегі отанында байыз тапты. Ұлттық қаһарманды жерлеу рәсімі Тэджон қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күн бойы елдің түкпір-түкпірінен келіп жатқан адамдар осында келіп, генералдың рухына тағзым етті. Хон Бом До тәуелсіздік үшін күрескен белсенділер арасында ең танымал қаһармандардың бірі саналады. Ол 1937 жылы Кеңес одағы тұсында жер аударылып, қазақ жеріне табан тіреген. Қолбасшы 1943 жылы Қызылорда қаласында дүниеден озған. Мұнда оның есімімен көше аталып, ескерткіш орнатылды.

Қазақстандық тарап корей халқы батырының сүйегін туған жеріне табыстады. Бұл туралы келісім осыдан екі жыл бұрын Корея президентінің біздің елге жасаған сапары барысында жасалған болатын.

«Қаһарманымыздың сүйегін Кореяға жеткізуге рұқсат бергені үшін Қазақстан үкіметі мен корей диаспорасына алғыс айтамын. Хон Бом До – Жапониямен күресте алғы қатарда тұрған ұлы басшымыз. Ол – ұлттық қарулы күштерді құруды бастаған тұлға. Сондықтан сүйегін отанына әкелгіміз келді. Бұл азаматтарымыздың арманы еді. Тұрғындарымыздың көбі мұны құптап, ерлігі үшін генералға алғысын білдірді. Хонның өсиетін орындап, оны азат етілген Отанына қайтарғанымызға өте қуаныштымыз», – дейді Корея Республикасы Парламентінің депутаты У Вон Сик.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.