Аурухана алдынан белгісіз адам мәйіті табылды
1 621
Өскеменде жастар арасында жанжал туып, бір адам қайтыс болды. Олардың мәйітті Өскемендегі аурухананың алдына әкеліп тастағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бірнеше адам жас жігітті аяусыз соққыға жықты. Олар оқиғадан соң марқұмның денесін Абай даңғылындағы аурухананың алдына тастап кеткен.
Қазір оқиғаға қатысы бар үш азамат ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кісі өлтіру фактісін растады.
«Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жанжалға қатысушыларды анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.







