Бишімбаев алимент төлемеу үшін мүлкін басқаларға аударды

1 456

Фото: ҚР Жоғарғы Соты баспасөз қызметіҚуандық Бишімбаевтың алиментті азайту үшін өз атына тіркелген мүліктерді өзгелерге рәсімдегені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2020 жылы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның экс-жұбайы Назым Қахарман үш баласына алимент төлеу туралы келісімге келген. Алайда арада бірнеше жыл өткен соң, Бишімбаев сотқа жүгініп, өзінің қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, алимент мөлшерін азайтуды сұраған.

«Сотта біз оның мүлкі бар екенін дәлелдедік. Қылмыстық іс кезінде де, қазір де ол иелік еткен дүние-мүлік болған. Бірақ ол мүлікті басқалардың атына аударды», – дейді адвокат.

Яғни Бишімбаев мүлкін сыйға беру арқылы өз атынан шығарып тастаған. Бірақ бұл айла соттан өтпеді. Сот оның әрекетін «алименттен жалтару» деп бағалап, арызын кері қайтарды.

«Ол алимент мөлшерін бірнеше есе азайтуды талап етті. Сот бұл талапты қанағаттандырмады», – деді Мұратова. 

Енді Бишімбаев балалар кәмелеттік жасқа толғанша алиментті бұрынғы берген ақшасын төлей беруге міндетті.