Жамбыл облысында қаза болған шенеуніктің көлігінен полицияға шақырту табылды

400
Қаратау қаласында жеке көлігі маңынан өлі табылған Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің қызметкері қайтыс болар алдында полицияға барған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, жолға қойып кеткен шенеуніктің көлігінде жол жөндеу жұмыстары бойынша қылмыстық іске қатысты куә ретінде полицияға шақырту қағазы табылған.

Талас облысының әкімдігі оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Бұған дейін қайтыс болған шенеунік Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы екені анықталған болатын.

Мәйітті жергілікті тұрғындардың бірі аялдамада байқап қалған. Полиция жақын маңнан аңшы мылтығын тапты. Ол марқұмның атына тіркелген. Алдын ала болжам бойынша, 38 жастағы ер адам өзіне қол жұмсаған. Істің егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.