Астана-Арқалық бағытындағы пойыздың ластығына шағым түсті

1 716

Фото: Видеодан скринАстана–Арқалық бағытындағы 655ТД пойызының жолаушысы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, әжетхана тазалығы мен техникалық жағдайына қатысты шағым айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Видео авторының айтуынша, таңертең вагонның іші салқындап, жолаушылар терезелерді жаба алмаған. Ал жолсерік ешқандай шара қолданбаған.

“Вагон лас, есіктер жабылмайды, дәретхана бір жыл жуылмағандай, терезенің әйнектері қап-қара, ыстыққа шыдау мүмкін емес, кондиционер жоқ. Билет қымбаттады, бірақ жағдай жасалмаған. Сұмдық! Ең лас вагон, 13 вагонға билет алмаңыздар", – деп жазды желі қолданушысы.

"Астана – Жезқазған, 108-пойыз – тура сондай жағдай”, ”Жезқазған. Жиі жүремін. 80% жағдайда сондай вагондар. Жолсеріктер де бұрынғыдай емес...”, “Мемлекет бәрін жекеге сатып жіберді, бақылау жоқ. Олар үшін бастысы – пайда, ал жаңа вагон алуға ешкім ниетті емес”, “117–118 Павлодар – Қызылорда. Жағдайы да сол күйі”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Жолушының сынына жауап ретінде, "Жолаушылар тасымалы" АҚ бұл пойыздың жеке меншік "KazRail" ЖШС компаниясына тиесілі екенін және "ҚТЖ" құрылымына қатысы жоқ екенін хабарлады.

 

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.