Тағы бір елді мекен ішімдіктен бас тартты

1 790

Фото:depositphotos.comАқмола облысы Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатуды өз еріктерімен тоқтатты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпара агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Жарқайың ауданының Далабай ауылында ауыл тұрғындарының кездесуі өтъкен. Іс-шараның негізгі тақырыбы ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту болды.

"Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін сақтау маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар дені сау және қауіпсіз орта құруға деген ұмтылысты бекіткен хаттамаға қол қойды", - делінген хабарламада.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.