Қазақстанда енді "Рухани жаңғыру" болмайды
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының атауы өзгеруі мүмкін.
Үкімет ұйымның атауын өзгертіп, қызметін көбейтуді ұсынды, деп хабарлайды Экспресс К.
Біздің елде "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" атты коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ) бар. Енді Үкімет оның атауынан "Рухани жаңғыру" деген тұсын алып тастуды ұсынды.
Ондағы себеп ұйым құрамында "Рухани жаңғыру" орталығынан басқа қоғамдық-саяси жағдайды талдаумен, азаматтық қоғамдағы процестерді болжаумен және мемлекеттік отбасылық саясатты зерттеумен айналысатын тағы 3 орталық бар.
Қаулының нұсқасы ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жүктелген. Ол жерде кез келген адам 28 маусымға дейін пікір қалдырып, өз ойын жеткізе алады.
Біз бұған дейін елімізде 2021-2025 жылдары "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасына 119 миллиард теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.