Балалар арасында энтеровирус өршіп жатыр

1 685

Фото: threads.com/@bota_mukashАстаналық тұрғыны екі баласының балабақшада энтеровирус жұқтырып, денесі бөртіп кеткенін айтып дабыл қақты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жанар есімді желі қолданушысы қазақстандықтарды балаларды бассейн, аквапарк, ойын-сауық орталықтарына апармай, үйден шықпауға шақырды. Оның сөзінше, Астанада энетеровирус өршіп тұр. Екі баласы да вирус жұқтырған.

“Жауапсыз ана энтеровирустың белгілері бар баласын балабақшаға әкелген. Баланың алақаны бөртіп кеткен. Бейсенбі күні баламның жағдайы нашарлап, әлсіреп, қызуы көтеріліп, денесі бөртіп кетті. Сенбі күні ішіп-жеуден, әжетханаға барудан қалды. Балабақшадағы 15 баланың 3-4-і ғана вирустан аман. Ертесі инфекциялық ауруханаға жаттық. Бір жастағы қызым да ауырып қалды. Энтеровирус кезінде баланың аузы стоматит сияқты ойылып қалады. Сондықтан тамақ жей алмайды”, – деп жазды желі қолданушысы.

Астанадағы № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директор орынбасары Роза Баженқызы балалар арасындағы энтеровирустың өршіп тұрғанын растады. Дәрігердің сөзінше, ауырып жатқандардың арасында 1 жастағы балалар сирек кездеседі. Жұқтырғандардың көбі – 4-13 жастағы балалар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.