Әскери дронға ұқсас белгісіз ұшатын нысан табылды

1 712

Фото: lada.kzМаңғыстау облысы Қарақия ауданында азаматтар әскери дронды еске салатын беймәлім ұшатын нысанды кездейсоқ тауып алды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Анықталған мәліметке сәйкес, ұшатын аппаратты куәгерлер 19 маусым күні шекара маңындағы Болашақ теміржол станциясының маңынан тапқан.

Табылған нысан жөнінде тиісті органдарға хабар берілген.

"Нысан елді мекендерден алшақ орналасқан жерде табылды, ешқандай залал келтірілмеген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.