Eр адам бірге тұрған әйелді пышақтап өлтіріп, артынша 25-қабаттан секірді
1 603
Астанада ер адам бірге тұратын әйелге пышақ жарақатын салып, 25-қабаттан секіріп кетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қайтыс болған әйелдің артында 7 және 10 жасар екі ұлы қалды. Полицейлер өлім фактісін растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер мен әйелдің арасында жанжал шығып, салдарынан ер адам әйелге пышақ тығып алған. Содан кейін күдікті тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кетіп, үй маңында тұрған автокөліктің үстіне құлаған.
"Құлау салдарынан ол ауыр дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Астана полиция департаменті өкілдері.