Алматы маңында иттер талап тастаған 10 жастағы баланы жағдайы белгілі болды

2 284

Фото:depositphotos.comДәрігерлер Алматы облысының Жалпақсай ауылында иттер талап тастаған баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.





Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, баланың жағдайы ауыр.


"1 шілдеде жағдайы тұрақталғаннан кейін науқас Қарасай ауданының орталық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Бала есін біледі. Қазір клиникалық психолог баламен және оның анасымен жұмыс істеп жатыр.

Дәрігерлер баланың жарақаты туралы айтпады, бірақ әлеуметтік желілерде оның беті, көзі мен жамбасы қатты жарақаттанғаны айтылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың сөзінше, иттер баланың құлағын жұлып алған. Болашақта оған қалпына келу және ұзақ мерзімді оңалу үшін тағы бірнеше ота қажет болуы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.