Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтт
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сырдария ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар аясында аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты. Бұл – сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды басқосу болды.
Комиссия отырысының күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
«Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы»;
«Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы».
Аталған мәселелер бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Олар мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстар туралы баяндап, ішкі бақылау, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызмет көрсету процестеріндегі ашықтықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.
Отырыста сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы Байдушев сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төндіретін қаупін ерекше атап өтті:
– Сыбайлас жемқорлық — кез келген мемлекеттің дамуына үлкен кедергі келтіретін, қоғамның сенімін жоғалтатын, заңдылық пен әділеттілікке нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Ол мемлекеттің басқару жүйесін әлсіретіп, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарға себеп болады. Сондықтан бұл індетпен күресу – әрбір азамат пен мемлекеттің ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз таза қоғам мен жарқын болашақ құра аламыз, – деді Димаш Серікбайұлы.
Жиын соңында комиссия мүшелері нақты ұсыныстар мен пікірлерін білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен мамандарына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жүйелі түрде бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.