Жамбылда оқушыны құтқармақ болған 2 ер адам суға кетті (ВИДЕО)

1 695
Жамбыл облысында  оқушыны құтқармақ болған 2 ер адам суға кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан суару арнасының ағысымен төмен құлдилаған баланы ажалдан аман алып қалған ер адамдардың өздері суға кеткенін көруге болады. Желі қолданушыларының жазуынша, оқиға Жамбыл облысы Меркі ауданы Аспара ауылында болған. 




“Бұл каналдың қасіреті – табаны жылтыр майша жылпылдайды, ағыс қатты болса, шығу мүмкін емес, тек алдынан белгі ұстап тұрмаса таяғыңмен қоса өзіңді алып кетеді, қауіпті нәрсе. Абай болған дұрыс, әсіресе балаларға!”, -  деп жазды видеоға қатысты пікір білдірушілердің бірі.

Алайда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі   елімізде бұндай жағдай орын алмағанын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.