Алаяқтар Мемлекеттік мекеменің атымен хабарласуда: Тоқтар Серіков халықты сақ болуға үндеді
Танымал әнші Тоқтар Серіков халықты алаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бүгінде оңай олжаға кенелгісі келетіндердің қарасы көбейгенін жеткізді.
“Қазіргі таңда алаяқтардың көбеюі халықты алаңдатып отыр. Сондықтан ағайын, сіздерді алаяқтарға алданып қалмауға шақырамын. Әр түрлі мемлекеттік мекеменің атынан хабарласып жатыр. Бізге сіздердің құжаттарыңыз қажет немесе карта нөміріңіз қажет деп телефон шалса, сенбеңіздер. Алдымен анық-қанығын біліп, жергілікті органдарға хабарласып, содан кейін ғана мәселені шешу керек. Сіздерді әрқашан сақ болуға шақырамын", –дейді әнші.
Шығын 1,2 миллиард теңге: Елімізде әлеуметтік төлемдер арқылы алаяқтық жасаған шенеуніктер мен есепшілер ұсталды
Атырауда мұғалім оқушыларды "грантқа түсіремін" деп алдап, ата-аналарды сан соқтырды
Еске салайық, полиция телефон алаяқтары жиі қолданатын сөйлемді атаған еді.
Полицияның мәліметінше, мұндай қоңыраулардың мақсаты клиенттің мобильді қосымшасына қол жеткізу, ақшаны “қорғалған шотқа” өз еркімен аудартқызу немесе TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hoptodesk, RudeDesktop секілді қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуға көндіру.
Алаяқтар құрбандарымен сөйлескенде көбіне мына сөйлемдерді қолданады:
- “Ақшаңызды сақтау үшін оны басқа шотқа аударыңыз немесе депозиттен шешіп, басқа шотқа салыңыз” – жалған қауіп тудырып, адамды шатастырады.
- “Сізбен тергеуші немесе ІІМ, ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр. Тұтқаны қоймаңыз” – жалған беделге сүйеніп, қысым жасайды.
- “Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз – құпия операция жүргізіліп жатыр” – жәбірленушіні оқшаулап, кеңес алуына кедергі жасайды.
- “Кілт сөзді өзгертуге өтінім түсті” – есепшотыңыздан айырылып қаласыз деген ой салады.







