Мектеп асханасының көрінісі ата-аналарды шошытты

1 517

Фото: Видеодан скриншотАлматыдағы №65 мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналары мектеп асханасындағы антисанитариялық жағдайға шағымданды. Қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мектепте тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ата-ана мектеп асханасынан лас ыдыс-аяқтарды, қабырғалардағы көгеру мен қоқыс төгілген видео мен фотоларды жариялады.

"Азық-түлік элеваторына ерекше назар аудару керек — оны мақсатты пайдаланудың орнына қоқыс үйіндісіне айналдырған. Оның астында қалдық тамақтар жатыр, маңайында көгерген ыдыс-аяқтар және басқа да айқын антисанитариялық жағдайдың белгілері бар", – деп жазды автор.

Ата-аналар прокуратура мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарласып, мектеп асханасын басқаратын жеке кәсіпкердің қызметін тексеруді сұраған.

Алматы қалалық білім басқармасы ашуға булыққан ата-аналарға жауап берді.

"№65 мектеп-гимназиясының директоры мектептегі ішкі бақылауды әлсіреткені үшін Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ білім бөлімі бұл мәселе бойынша аудандық санэпидстанцияға хабарланғанын, жеткізушіге тиісті шара қолданылатынын түсіндірді.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.