Әскердегі суицид туралы сұраққа министр күліп жауап берді

1 557

Фото: Қорғаныс министрлігіҚорғаныс министрі Дәурен Қосанов журналисттер әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Журналистер министрден: "Әскердегі өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы білесіз бе?" – деп сұрады.

Ол: "Не дейсіз? Әскерилер? Не айтып тұрсыз?" – деп жауап берді.

Министрдің реакциясы журналистерді таңғалдырды. Олар: "Біздің сұрағымызға неге күлдіңіз?" – деп сұрады.

Қосанов болса:

"Мен сіздерге шын айтам. Қазір ондай жағдай жоқ. Зорлау дейсіздер ме? Ондай фактілерді көрсетіңіздер. Дәлел көрсетпей, жай айта саласыздар", – деп жауап берді.

Оның айтуынша, тәуекелдерді азайту үшін командирлермен және психологтармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Камера орнатамыз, пресс-турлар ұйымдастырамыз, журналистерді айына бір рет болса да шақырамыз. Әскерде әлімжеттік (дедовщина) жоқ. Бірақ сіздер ондағы жігіттердің жастар екенін де түсінулеріңіз керек. Қоғамда да жастар бір-бірімен келіспей қалуы мүмкін. Әскер де – қоғамның бір бөлігі. Біз барлық тәртіптің сақталуы үшін барынша жұмыс істеп жатырмыз", – деп қорытындылады министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.