"Сергек" камерасына мылтықпен оқ атып, жауапқа тартылды

1 512

Фото: Intockphoto.comЖамбыл облысындағы Байзақ аудандық соты “Сергек” камерасын қасақана бүлдірген жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі:

Іс “бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” дерегі бойынша қаралған. 

Соттың мәліметінше, күдікті 2025 жылдың желтоқсанында Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ тасжолында жол қозғалыс ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін “Сергек” камерасына пневматикалық мылтықпен оқ атып, қасақана бүлдіргенін анықтаған.

Қазақстанда "Сергектен” келген айыппұлды өшіріп беремін" деп алдайтын алаяқтар да көбейген.

Сот отырысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың бір бөлігін өтегенін айтқан. Ал жәбірленуші тарап шығынның толық өтелмегенін мәлімдеді.

Сот азамат М-ні кінәлі деп танып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының кінәсін мойындауы ескерілді. Сот қаулысы заңды күшіне енген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.