Танымал блогер имамдарды «байларға тоқал алғандар» деп сынады

1 511

Фото: коллаж Sn.kzТанымал блогер Мөлдір Анарбаева мешітте мұсылманша неке қидыратын имамдарды сынға алған. Оның айтуынша, осындай неке салдарынан талай шаңырақ шайқалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Мұсылманша неке қиып алып, жарыңызды адал деп жүрсіз бе? Заң жүзінде ол Сізге ешкім де емес. Ал, балалардан бас тартса, сот арқылы ғана әкелік растап, әуреге түсесіз. Көп қазақ әйелінің басындағы күй осы.
Әділет вице-министрі имамдар заңды неке куәлігінсіз мешітте екі жасты қоса алмайтынын айтты.
Қазір жастар ең алдымен мешітке барып некесін қидырады. Содан кейін салт-дәстүр, жөн-жоралғысын жасайды. Заңды неке екінші орында, тіпті соңғы этапта болып жататын кездер аз емес. 
Мешіт – кез-келген адамның некесін қиып бере салатын орын емес! Ислам дінінде неке жариялы болмаса, күмәнді боп есептеледі. Оқыңдар, молдалар! Талай қалтасы қалың еркекке тоқал алып бердіңдер. Әй отбасыңның обалына қала алмаймын, барыңдар демейсіңдер. Нағыз тозаққа аттанатын сендерсіңдер ғой. Қанша әйелдің боздап қалғанына себепкерсіңдер, қанша әйел білмей қалды, әлі де білмейді.  Адам құдай дегендер осы!  Енді имамдар заңды неке куәлігінсіз, екі жанды үйлендірсе сотталады!», — деп жазған ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.