Ресей іздеген күдікті Қазақстанда ұсталды

1 535

Фото: ©pexelsАқмола облысында полицейлер Ресей аумағында жасалған қылмысқа күдікті азаматты ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан аумағында да, көршілес мемлекеттерде де қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізген.

"Аршалы ауданында полицейлер 2024 жылдың қазан айынан бері ресейлік әріптестері іздеп жүрген күдіктіні ұстады", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

2024 жылы Қазақстан азаматы Ресей аумағында мас күйінде автокөлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасаған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті жасырынып, Қазақстан аумағына қайтып келген. Кейін Ресей ІІМ Свердлов облысы бойынша Бас басқармасы оны іздеуге жариялаған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.