Жоғалған баланы табу үшін арнайы топ құрылды
Ақтөбеде жоғалған баланы іздеу үшін 10 топ құрылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Із-түзсіз жоғалған 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары ауқымды түрде жалғасып жатыр. Құтқарушылар мен арнайы қызмет өкілдері өзен аумағын және жағалау бөліктерін қатар тексеруде. Іздеу шаралары Сарыжар ауылынан Мәртөк бағытына дейінгі аралықты қамтып, бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, іздестіру барысында сүңгуірлер бірнеше мәрте суға түсіп, өзен түбін тексерген. Моторлы қайықтардың көмегімен ондаған шақырым аумақ қамтылып, жағалау сызығы да мұқият қаралған. Жұмысқа ондаған маман, арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе көлігі тартылған. Іздеу шаралары тәулік бойы жалғасуда.







