Жолда жеңіл көлік жылқыға соғылып үш адам ауруханаға жеткізілді

1 520

Фото:© Видеодан скриншотАқмола облысында автокөлік жылқымен соқтығысып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы «Астана – Ерейментау – Шідерті» тасжолының 37-шақырымында жылқының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.  KIA K7 автокөлігі жолға кенеттен шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. (Видео)

"Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендердің жақ сүйектері сынып, миы шайқалған және түрлі дене жарақаттарын алған. Қазіргі уақытта жануардың иесін анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады," - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.