Эпидемиология мектебінің негізін қалаушы Сәкен Әміреев қайтыс болды
393
Қазақстандағы эпидемиология және вакцинация мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Әміреев қайтыс болды. Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Cәкен Әміреев 1940 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы Қабанбай (бұрынғы Андреев) ауданы Мұқай ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Екпінді орта мектебін тәмамдады. 1958-1964 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында оқып дәрігер-эпидемиолог маманы атағын алды.1964 жылы КССР Денсаулық сақтау министрлігінің микробиология-эпидемиология және гигиена ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданған. 1970 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атағын қорғады.
Профессор Сәкен Әміреевтің бруцеллез проблемаларының әртүрлі салалары бойынша 2 монографиясы, 4 ғылыми жинақтары, 6 томды ғылыми-әдебиеттерге шолулары жарық көрді, 5 докторлық, 12-кандидаттық диссертациялар қорғаған (ғылыми-жетекші, ғылыми-кеңесші болды). Айта кетейік, ол пандемия басталған алғашқы күндерден бастап коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған.
"С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Сәкен Әміреұлының туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.