"Адал" партиясы "Аманатқа" қосылды

299

"Адал" саяси партиясы жақында ғана атауы өзгерген "Аманат" партиясымен бірікті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін партияның жиналысы кезінде айтылды.

"Кедейлікпен қалай күресеміз, өңірлерді қалай дамытамыз? Бүгінгі күннің басты сұрағы осы. Өзгерісті ел ертең емес, дәл бүгін күтіп отыр. Осы бойынша екі партия бас қосып, ортақ келісімге келді. Бізге қолдап, дауыс берген ел бар. Бірақ келесі сайлау қашан болады және Адал партиясы ол кезде өте ме , өтпей ме?! Сондықтан біз осы идеяларды жүзеге асыру үшін бізге нақты бір тетік, рычаг керек. Ертең партияның үлкен сьезі өтеді, сол жерде әңгіменің нүктесі қойылады",деді Адал партиясының саяси кеңесінің мүшесі Мақсат Толықбай.

Партия 2013 жылы "Бірлік" деген атаумен тіркелген болатын. Бірақ кейін атауы "Адал" деп өзгертті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.