Телефон алаяқтығына қарсы ЖИ жүйесі Қазақстанда іске қосылмақ

1 503

Фото: ©Polisia.kzҚазақтелеком» АҚ телефон алаяқтығына қарсы күрес аясында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізіп жатыр, бұл туралы компания басқарма төрағасы Бағдат Мусин «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында мәлім етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Телефон арқылы жасалатын алаяқтық қоңырауларға қарсы арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілген. Бұл жүйе күмәнді қоңырауларды автоматты түрде анықтап, оларды тиісті колл-орталықтарға бағыттайды. Аталған колл-орталықтар Бас прокуратурамен бірлесіп құрылған.

 Біз мұндай қоңырауларды анықтап, арнайы колл-орталықтарға жібереміз. Қазіргі таңда осындай қоңыраулардың шамамен 6%-ын тоқтатып отырмыз. Ал 100% қамту үшін қуатымызды шамамен 20 есеге арттыру қажет. Сондықтан операторлар санын геометриялық прогрессиямен көбейтпей, мәселені тиімді шешу үшін ЖИ модельдерін әзірлеудеміз. Болашақта олар қоңырауларды автоматты түрде өңдеп, азаматтарды алаяқтардан қорғауды қамтамасыз етеді, – деді Бағдат Мусин.


Маман телефон алаяқтығына қарсы күрес үздіксіз әрі жүйелі жұмысты талап ететінін атап өтті. Себебі қаскөйлер уақыт өте келе қорғаныс тетіктеріне тез бейімделіп, жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануға көшеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Бас прокуратура және Ұлттық банк жанындағы Антифрод-орталықпен тығыз үйлестіріліп жүргізілуде. Президент тапсырмасын орындау аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүйесі жолға қойылған. Бүгінде аталған жүйелер азаматтардың жеке деректерін қорғау және қаржылық қауіпсіздігін арттыру мақсатында кезең-кезеңімен жетілдірілуде.

Біз тек ұсыныстар әзірлеп қана қоймай, нақты шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Атап айтқанда, телекоммуникация желілерінде азаматтарды алаяқтық қоңыраулардан қорғайтын арнайы бағдарламаларды енгізудеміз, – деп толықтырды Бағдат Мусин.