Полицияға бағынбау ісі бойынша автоблогерді сот ақтап шықты

1 524

Фото: ©Фото ашық дереккөздерден.Azh.kzӘкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот блогер Руслан Жанпеисовты құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақтады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Бұған дейін Жанпеисовтың ұсталғаны туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, оқиға Шымкентте болған, онда басқа өңірлерден келген полиция қызметкерлері жол рейдтерін жүргізген. Козачковтың сөзінше, блогерге құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбау айыбы тағылған, бұл бап бойынша оған 15 тәулікке дейін қамау қаупі төнген.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жанжал Жанпеисовтың іссапармен келген полицейлердің әрекеттерін ашық сынға алып, оқиға орнына патруль шақырып, болған жайтты интернетке видео ретінде жариялағаннан кейін туындаған. Осыдан соң оған әкімшілік хаттама толтырылып, кейін ұсталған.

Нәтижесінде сот әкімшілік құқық бұзушылық құрамын анықтамай, Жанпеисовты ақтады.

Айта кету керек, бұл блогердің құқық қорғау органдарымен алғашқы рет кездесуі емес. 2020 жылы Руслан Жанпеисов денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру және билік өкілін қорлау бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.