Ұлттық киімдегі қазақ қыздары темекіні таласа шекті
604
Қазақы киім киген қыздардың кезектесіп электронды шылым тартып жатқан видеосы көпшіліктің ашуына тиді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Кең етек көйлек, қамзол киінген қазақтың бір топ қызы бейнекамера алдында әдепсіздік көрсетті. Жап-жас қаракөздер бір-бірінен темекі сұрап алып шегеді. Онысымен қоймай, "қазақтың инабатты, ибалы қыздарымыз ғой" деп, бұл қылықтарын күлкіге айналдырады. Tik Tok-та жария болған видеоның қайда түсірілгені, ұлттық киімдегі бойжеткендердің қай жақтікі екені белгісіз. Желідегі жұрттың пікіріне сүйенсек, олар тойларда би билеп ақша табады.
Көпшілік уылжыған жас қыздардың бұл қылықтарын көргенсіздікке балап, ренішті пікірлер жазды. Біреулері: "Сырты бүтін, іші түтін сайтандар!", "Ұяттарың қайда? Қазақ көйлегінің қадірін кетірдіңдер-ау" деп өкпе білдірсе, енді біреулері: "Жарайсыңдар, түтіндерің түзу шықсын" деп әжуалаған.