Казино және букмекерлік компаниялар үшін жаңа талаптар бекітілді

1 506

Фото: ©pexels2026 жылғы 30-шы сәуірде туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен құмар ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсынатын есептілікті жинау және талдау қағидаларына өзгерістер енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, есептілік мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:

құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәлімет;

құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;

қызмет түрі;

заңды мекенжайы;

есепті кезеңнің басындағы қызметкерлер саны туралы мәлімет;

есепті кезеңнің соңындағы қызметкерлер саны туралы мәлімет;

есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысушылар саны (резиденттер);

есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысушылар саны (резидент еместер);

кезең соңындағы құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысушылар саны (резиденттер);

кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылар саны (резидент еместер);

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" заң негізінде іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту жағдайларының саны;

есепті кезеңде бір ойыншының ойын орындарына келу саны (10 реттен аз, 10 реттен көп, 50 реттен көп);

"Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес әр лицензия бойынша міндетті резервтер түріндегі қамтамасыз ету сомасы;

ойыншыларға төленген ақша қаражатының сомасы;

ойын бизнесін ұйымдастырушының ойыншылардан алған ақша қаражатының сомасы;

ойын жабдығының атауы мен түрі;

ойын жабдығының саны;

ойын жабдығының сериялық немесе түгендеу нөмірі;

ойын жабдығын өндіруші туралы мәлімет;

ойын жабдығы мен ойын автоматтарының техникалық жай-күйі;

ойын автоматында технологиялық тұрғыда белгіленген ұтыс пайызы;

бейнежазба жүйелерінің техникалық жай-күйі, оның ішінде жүйе атауы, саны және жабдықты тестілеу күні;

кассалар туралы мәлімет (түрі, саны, орналасқан жері);

салық салу объектілерін/кассаларды мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу туралы мәлімет;

үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы ақпарат, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі;

лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны туралы мәлімет;

ойын үстелдері санының артуы немесе қысқаруы туралы ақпарат;

құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, ұйымдастырушы басшылығы және алғашқы басшылар туралы мәлімет.

Сонымен қатар, мына құжаттарға да өзгерістер енгізілді:

"Казино қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына;

"Ойын автоматтары залы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына;

"Букмекерлік кеңсе қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына және басқа да құжаттарға.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 24-ші мамырдан бастап қолданысқа енгізілмек.