Аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

1 512

Фото: ©azh.kzЖол апаты салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғалиқаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап .

Алдын ала мәлімет бойынша, Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан кезде жол апатына ұшыраған. Көлік аударылып кетіп, салдарынан аудан әкімінің орынбасары оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен аман қалған. Қайғылы жағдайға байланысты Атырау облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Келесі айда Ерболат Иғали 46 жасқа толар еді. Оның артында жұбайы мен бес баласы қалған. Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті басылымда тілші болып бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарды атқарған. 2023 жылдың 30 -шы қаңтарынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.