Полицей казарма бөлімшесінде өзіне оқ атқан

1 516

Фото: polisia.kz.Жамбыл облысы, Қордай ауданында полицей арнайы бөлімнің казармасында өзіне қол салған,-  деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

28 мамырда 31 жастағы инспектор тура дәлізде тапаншадан самайына оқ атқан.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аудандық ауруханаға жеткізген. Бірақ полиция қызметкері кешке есін жимастан қайтыс болған.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жағдайды растап отыр.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қызметтік тексеру тағайындалды», – делінген полиция жауабында.

Инспектор мұндай әрекетке не себепті барған белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.