Мәңгілік алауда тауық қуырылған

1 544

Фото: Halyqstan Telegram-арнасыРиддер қаласындағы Мәңгілік алауда қуырылған тауықтың қалдықтары табылды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғын таңертең ескерткіш маңынан жартылай күйген тауық етін көріп, оны суретке түсіріп желіге салған. Ол дереу полиция мен қала әкімдігіне хабарласып, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған нысанның не себепті мұндай жағдайда қалғанын сұраған. Кейін тұрғын қалдықтарды жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тастап, коммуналдық қызмет өкілдері аумақты тазалаған.

ШҚО полиция департаменті бұл факті бойынша қорлау дерегімен іс тіркелгенін хабарлады. Қазір таңда бейнебақылау камералары тексеріліп, аумақ араланып, куәгерлерден жауап алынуда.

«Құқықбұзушыларды анықтау және оларды жауапқа тарту үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция тарихи және мәдени ескерткіштерді қорлаудың заңмен қатаң жазаланатынын еске салды. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.