1998 және 2025 жылдардағы ұшақ апаттарынан аман қалғандар бір орында отырған
Тай актері Джеймс Руангсак Лойчусак 1998 жылы ұшақ апатынан аман қалған еді. Ол жақында ғана Үндістанда болған апаттан жалғыз аман қалған адамның дәл сол өзіне тиесілі болған 11А орнында отырғанын естіп, таңданысын жасырмады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл сәйкестік жұртты таңдандырып, әлеуметтік желіде қызу талқы туғызды.
Air India әуе компаниясының ұшағы Гуджарат штатының Ахмадабад қаласы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақта 241 адам болған. Тек британ азаматтығы бар үнді текті Вишвашкумар Рамеш тірі қалған. Бұл орын апаттық есікке жақын болған. Оны ұшақтан сыртқа лақтырған, кейін ол өз бетімен жедел жәрдем көлігіне дейін жеткен. Қазір ер адам ауруханада, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Джеймс Руангсак 1998 жылы 11 желтоқсанда Thai Airways ұшағы апатқа ұшырағанда да 11А орнында отырған. Ол кезде Airbus A310 ұшағы Таиландтың Сураттхани провинциясындағы каучук плантациясына құлаған. Апат салдарынан 101 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды.
Тағы да оқыңыздар







