Тәліптер қыздардың жоғарғы оқу орнында оқуына қарсы емес

468
Өткен жексенбіде "Талибан" қозғалысындағы жаңа жоғары білім министрі Абдул Баки Хаккани баспасөз мәслихатында ауған әйелдері университеттерде оқуларын оқи алатынын, бірақ бөлек оқитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі  Russian.rt. агенттігіне сілтеме жасап. 

Хаккани айтуынша, хиджаб кию міндетті болады.

Сонымен қатар, ЖОО қабырғасында гендерлік бөлу күшейеді.

"Біз ұлдар мен қыздардың бірге оқуына жол бермейміз", - деді министр.

Осы уақытқа дейін  Ауғанстан университеттерінде ерлер мен әйелдер бірге оқыды, студенттерде түрлі киім киюге шектеулер болған жоқ. Алайда қыздардың басым көпшілігі дәстүрге сәйкес орамал киюді жөн көрді. Бірақ бастауыш және орта мектептерде ұлдар мен қыздар "Талибан" билікке келгенге дейін де бөлек оқытылды. Жоғары сынып оқушылары тізеге дейін келетін белдемше мен ақ орамал тақты. Джинсы, макияж және зергерлік бұйымдарға тыйым салынды.