Полиция формасын киіп, әлеуметтік желіге видео түсірген: блогер жазаланды

1 509

Фото:© Видеодан скриншотӘлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның полицияның формасын пайдалана отырып, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетін мазақ қылған бірқатар бейнероликтер жариялағанын анықтаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Осы факт бойынша ол арнайы киім-кешектің айырым белгілері бар нысанды киімді заңсыз кигені, сондай-ақ заңсыз контентті орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция өкілдері құқық қорғау органдарының нысанды киімін, символикасын заңсыз пайдаланудың, сондай-ақ полиция қызметкерлерін мазақ қылудың және азаматтарды адастыруға бағытталған материалдарды таратудың кез келген әрекеті дереу анықталып, оларға қатаң құқықтық жаза берілетінін ескерткен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.