Балаларының көзінше: ерлі-зайыпты бір-бірін бауыздаған

1 616

Фото:© Видеодан скринАстанада ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 55 жастағы ер адам мен оның 53 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.
Оқиға елордадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде болған. Астана қаласының Полиция департаменті аталған ақпаратты растады.
Ведомство мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне де пышақ жұмсаған. Алған жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және суицид фактілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желідегі ақпаратта қайғылы оқиға 12 және 14 жастағы екі баланың көзінше болғаны айтылған. Алайда бұл деректі полицияның ресми хабарламасында растағаны көрсетілмеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.